ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІМ
https://animalid.kz ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНІНІҢ ЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ 2021
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. "Animal ID Kazakstan" ЖШС (БҰДАН ӘРІ – "САТУШЫ") САТУШЫНЫҢ -https://animalid.kz ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНІНІҢ РЕСМИ САЙТЫНДА ҰСЫНЫЛҒАН ҮЛГІЛЕР БОЙЫНША ТАУАРЛАРДЫ САТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ОФЕРТАНЫҢ ОСЫ ШАРТЫН (БҰДАН ӘРІ -"ШАРТ") ОРНАЛАСТЫРАДЫ.
1.2. ОСЫ ШАРТТЫҢ МӘТІНІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 395-БАБЫНА СӘЙКЕС ШЕКТЕЛМЕГЕН АДАМДАР ТОБЫНА АРНАЛҒАН ЖАРИЯ ОФЕРТА БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
1.3. САТЫП АЛУШЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА ТІРКЕЛУ ЖОЛЫМЕН ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ САТЫП АЛУШЫНЫҢ ОСЫ ШАРТТА КӨРСЕТІЛГЕН ТАЛАПТАРЫМЕН ТАПСЫРЫС РЕСІМДЕУІ АРҚЫЛЫ ОСЫ ШАРТТЫ ЖАСАСУҒА АКЦЕПТ (КЕЛІСІМ) БЕРЕТІНІН РАСТАЙДЫ.
1.4. САТУШЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА ЖАҢА РЕДАКЦИЯДАҒЫ ШАРТТЫ ОРНАЛАСТЫРУ АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУШЫНЫ ХАБАРДАР ЕТПЕСТЕН ОСЫ ШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУГЕ ҚҰҚЫЛЫ.
1.5. ОСЫ ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР:
САТУШЫ - "Animal ID Kazakstan" ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ.
ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН - https://animalid.kz МЕКЕНЖАЙЫ БОЙЫНША ОРНАЛАСҚАН, ТАУАРЛАР, СОНДАЙ-АҚ ТАУАРЛАРДЫ САТУДЫҢ БАСҚА ДА МАҢЫЗДЫ ШАРТТАРЫ КӨРСЕТІЛГЕН, САТУШЫҒА ТИЕСІЛІ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС.
САТЫП АЛУШЫ - ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДІ ПАРАҚТАУШЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН АРҚЫЛЫ ТАУАР САТЫП АЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН ТҰЛҒА.
ТАУАР - ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДЕ ҰСЫНЫЛҒАН ТАУАР.
ТАПСЫРЫС -ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННЕН ТАУАР САТЫП АЛУ ҮШІН САТЫП АЛУШЫНЫҢ ТИІСТІ ТҮРДЕ РЕСІМДЕЛГЕН ӨТІНІМІ.
ЖАРИЯ ОФЕРТА -САТЫП АЛУШЫҒА ОСЫ ШАРТТА САТУШЫ ЕСКЕРТКЕН ШАРТТАРМЕН САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС.
2. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ МӘРТЕБЕСІ
2.1. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН САТУШЫНЫҢ МЕНШІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ АРҚЫЛЫ ТАУАРЛАРДЫ ҚАШЫҚТАН САТУ ТӘСІЛІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН.
2.2. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН САЙТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, АТАП АЙТҚАНДА: СУРЕТТЕР, МӘТІНДЕР, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ФАЙЛДАР, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КОДТАР, АҚПАРАТТЫҚ, ЖАРНАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСҚА ДА ОБЪЕКТІЛЕРІ САТУШЫНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРМЕН ҚОРҒАЛАДЫ.
3. САТЫП АЛУШЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
3.1. САТЫП АЛУШЫ ТАПСЫРЫС РЕСІМДЕУ КЕЗІНДЕ ҰСЫНЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ.
3.2. САТЫП АЛУШЫ ҰСЫНҒАН АҚПАРАТ ҚҰПИЯ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. САТЫП АЛУШЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА ТАПСЫРЫС ЖАСАУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ САТЫП АЛУШЫНЫ ТІРКЕУ ФАКТІСІ САТУШЫҒА ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫ АРҚЫЛЫ ТАУАРДЫ САТЫП АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАҚСАТТАР ҮШІН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ОСЫ ШАРТТЫ ЖАСАСУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ ҮШІН БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН (ПОШТА, ТЕЛЕФОН, ҰЯЛЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАЙЛАНЫС ТҮРЛЕРІ) ҰСЫНАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІН ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ БЕРЕТІНІМЕН КЕЛІСЕДІ ЖӘНЕ КЕЛІСКЕНІН РАСТАЙДЫ.
3.3. САТУШЫ САТЫП АЛУШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ОСЫ ШАРТ БОЙЫНША ӨЗ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАУ МАҚСАТЫНДА ҒАНА ПАЙДАЛАНАДЫ.
3.4. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ РЕСУРСЫН ТАУАРДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ТАҢДАУ ҮШІН, СОНДАЙ-АҚ ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН ПАЙДАЛАНУ САТЫП АЛУШЫ ҮШІН ТЕГІН БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
3.5. САТЫП АЛУШЫ ТАУАРДЫ ЖЕКЕ, ОТБАСЫЛЫҚ, ҮЙ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ҮШІН НЕМЕСЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН САТЫП АЛАДЫ.
4. ОФЕРТА МӘНІ
4.1. САТУШЫ САТЫП АЛУШЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫ (ТАПСЫРЫСТАРЫ) НЕГІЗІНДЕ САТУШЫНЫҢ ҚОЙМАСЫНДА ТАУАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, САТЫП АЛУШЫҒА ТАУАРДЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА САТУШЫ БЕЛГІЛЕГЕН ШАРТТАР ЖӘНЕ БАҒАЛАР БОЙЫНША САТАДЫ.
4.2. САТЫП АЛУШЫ МЕН САТУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНІҢ, "ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
5. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ
5.1. САТЫП АЛУШЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА ӨЗ БЕТІНШЕ НЕМЕСЕ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ ВЕБ-САЙТЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ТЕЛЕФОНДАР БОЙЫНША МЕНЕДЖЕР АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС БЕРЕ АЛАДЫ.
5.2. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ КЕЗІНДЕ САТЫП АЛУШЫ ӨЗІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУГЕ МІНДЕТТІ:
· ТАУАР САТЫП АЛУШЫНЫҢ Т.А.Ә.;
· ТАУАРДЫ ЖЕТКІЗУ МЕКЕНЖАЙЫ;
· ТАУАР САТЫП АЛУШЫНЫҢ/ТАУАР АЛУШЫНЫҢ БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАСЫ.
5.3. САТЫП АЛУШЫНЫҢ ЕРІК БІЛДІРУІ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА ТІРКЕЛУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ТАПСЫРЫСТЫ РӘСІМДЕУ АРҚЫЛЫ, СОНДАЙ-АҚ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ МЕНЕДЖЕРІ АРҚЫЛЫ ӨТІНІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
6. ТАУАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
6.1. ТАУАР ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА САТУШЫНЫҢ МЕНШІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ГРАФИКАЛЫҚ СУРЕТТЕР-ҮЛГІЛЕР АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫЛАДЫ.
6.2. ӘРБІР ГРАФИКАЛЫҚ СУРЕТ-ҮЛГІ МӘТІНДІК АҚПАРАТПЕН: ТАУАРДЫҢ АТАУЫМЕН, БАҒАСЫМЕН ЖӘНЕ СИПАТТАМАСЫМЕН СҮЙЕМЕЛДЕНЕДІ.
6.3. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДЕ ҰСЫНЫЛҒАН БАРЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАР АНЫҚТАМАЛЫҚ СИПАТҚА ИЕ ЖӘНЕ ТАУАРДЫҢ ТҮСТЕРІН, ӨЛШЕМДЕРІ МЕН ПІШІНДЕРІН ҚОСА АЛҒАНДА, ҚАСИЕТТЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ БЕРЕ АЛМАЙДЫ. САТУШЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДАҒЫ ЕҢ ДӘЛ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ АҚПАРАТТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ТЫРЫСАДЫ, АЛАЙДА ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН АҚПАРАТ НЕГІЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛҒАН ЗАЛАЛ, ЗИЯН НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАР ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
6.4. САТЫП АЛУШЫНЫҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН МЕНЕДЖЕРІ ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН САТЫП АЛУШЫНЫҢ ТҰРҒЫСЫНАН ОҒАН ҚАЖЕТТІ ЖӘНЕ ЖЕТКІЛІКТІ БАСҚА АҚПАРАТТЫ БЕРУГЕ (ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ) ҚҰҚЫЛЫ.
7. ТАУАРҒА ИЕ БОЛУ ТӘРТІБІ
7.1. САТЫП АЛУШЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДЕ ҰСЫНЫЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ТАУАРҒА ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ ҚҰҚЫЛЫ. ӘРБІР ТАУАРҒА КЕЗ-КЕЛГЕН ҚОЛЖЕТІМДІ МӨЛШЕРДЕ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ. КӨРСЕТІЛГЕН ЕРЕЖЕГЕ БАҒЫНБАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР АКЦИЯЛАРДЫ ӨТКІЗГЕН, ТАУАРДЫ САТУДАН АЛҒАН ЖӘНЕ Т. Б. ЖАҒДАЙДА ӘРБІР ТАУАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫНДА КӨРСЕТІЛЕДІ.
7.2. ТАПСЫРЫСТЫ САТЫП АЛУШЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ.
7.3. ТАПСЫРЫСТЫ РӘСІМДЕГЕННЕН КЕЙІН САТУШЫ САТЫП АЛУШЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫН ТАҢДАЛҒАН ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫН ЖӘНЕ ТАПСЫРЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ТАПСЫРЫСТЫҢ ҚАБЫЛДАНҒАНЫН РАСТАЙТЫН АҚПАРАТТЫ САТЫП АЛУШЫНЫҢ E-MAIL ПОШТАСЫНА ЖІБЕРУ АРҚЫЛЫ РАСТАЙДЫ НЕМЕСЕ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН МЕНЕДЖЕРІ САТЫП АЛУШЫМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСАДЫ.
7.4. ҚОЙМАДА ТАУАР БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН МЕНЕДЖЕРІ БҰЛ ТУРАЛЫ САТЫП АЛУШЫНЫ ХАБАРДАР ЕТУГЕ (ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ) МІНДЕТТІ.
7.5. ТАУАР БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА САТЫП АЛУШЫ ОНЫ БАСҚА ТАУАРМЕН АУЫСТЫРУҒА НЕМЕСЕ ТАПСЫРЫСТЫҢ КҮШІН ЖОЮҒА ҚҰҚЫЛЫ.
7.6. ТАУАРДЫ ЖЕТКІЗУ МЕРЗІМІ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН САЙТЫНЫҢ "ЖЕТКІЗУ ШАРТТАРЫ" БӨЛІМІНДЕ БЕЛГІЛЕНГЕН.
8. ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫ
8.1. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДЕГІ ТАУАР БАҒАСЫ ТАУАР БІРЛІГІ ҮШІН ТЕҢГЕМЕН КӨРСЕТІЛГЕН.
8.2. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН БІРЖАҚТЫ ТӘРТІППЕН ӨЗГЕРТУІ МҮМКІН, БҰЛ РЕТТЕ САТЫП АЛУШЫ ТАПСЫРЫС БЕРГЕН ЖӘНЕ АҚЫСЫ ТӨЛЕНГЕН ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫ ӨЗГЕРТІЛМЕЙДІ.
8.3. ТАПСЫРЫСТЫҢ ТОЛЫҚ ҚҰНЫ ТАУАРДЫҢ ҚҰНЫНАН, ЖЕТКІЗУ ҚҰНЫНАН ТҰРАДЫ.
9. ТАУАРДЫҢ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ
9.1. ТАУАРДЫ ТӨЛЕУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН САЙТЫНЫҢ "ТӨЛЕУ ШАРТТАРЫ" БӨЛІМІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН. ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ТАПСЫРЫС БЕРІЛГЕН ТАУАРДЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫН САТЫП АЛУШЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ МЕНЕДЖЕРІМЕН КЕЛІСЕДІ.
9.2. ҚОЛМА-ҚОЛ ТӨЛЕМ ЖАСАҒАН КЕЗДЕ САТЫП АЛУШЫ САТУШЫҒА ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫН КУРЬЕРГЕ АҚША БЕРУ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУГЕ МІНДЕТТІ, АЛ СОҢҒЫСЫ САТЫП АЛУШЫҒА ТАУАРҒА АҚЫ ТӨЛЕНГЕНІН РАСТАЙТЫН ЖҮКҚҰЖАТТЫ БЕРУГЕ МІНДЕТТІ. ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМ ЖАСАҒАН КЕЗДЕ САТУШЫ ТАУАРДЫ САТЫП АЛУШЫҒА ЖЕТКІЗУДІ ТӨЛЕМ ТҮСКЕННЕН КЕЙІН ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ.
9.3. САТЫП АЛУШЫ ТАПСЫРЫСТЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН КЕЗ-КЕЛГЕН ҚОЛЖЕТІМДІ ТӘСІЛМЕН ТӨЛЕЙДІ.
9.4. ТАПСЫРЫСҚА АҚЫ ТӨЛЕУ КЕЗІНДЕ ТАРАПТАРДЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫСУЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАСЫ – ТЕҢГЕМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
10. ТАУАРЛАРДЫ ЖЕТКІЗУ
10.1. ТАУАРДЫ ЖЕТКІЗУ ТӘСІЛДЕРІ, ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН САЙТЫНЫҢ "ЖЕТКІЗУ ШАРТТАРЫ" БӨЛІМІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН.
10.2. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АУЫСУЫ ЖӘНЕ ТАУАРДЫҢ КЕЗДЕЙСОҚ ЖОЙЫЛУ, ЖОҒАЛУ НЕМЕСЕ БҮЛІНУ ТӘУЕКЕЛІ ТАРАПТАР ТАУАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АКТІСІНЕ (ТАУАР ЖҮКҚҰЖАТЫНА) ҚОЛ ҚОЙҒАН КЕЗДЕН БАСТАП САТЫП АЛУШЫҒА ТАУАР БЕРІЛГЕН КЕЗДЕ САТЫП АЛУШЫҒА ӨТЕДІ.
10.3. ЖЕТКІЗУ КЕЗІНДЕ ТАУАР САТЫП АЛУШЫҒА НЕМЕСЕ ТАПСЫРЫСТЫ РӘСІМДЕУ КЕЗІНДЕ САТЫП АЛУШЫ КӨРСЕТКЕН АДАМҒА ТАПСЫРЫЛАДЫ.
10.4. САТЫП АЛУШЫ ТАУАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ ОНЫ САНЫН, АССОРТИМЕНТІН ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КЕМШІЛІКТЕРІН ҚАРАП ТЕКСЕРУГЕ МІНДЕТТІ.
10.5. ТАУАРДЫ АЛҒАН КЕЗДЕ САТЫП АЛУШЫ САТУШЫ ӨКІЛІНІҢ (КУРЬЕРІНІҢ) ҚАТЫСУЫМЕН ТАУАРДЫҢ АТАУЫ МЕН ТАУАРДЫҢ ЖҮКҚҰЖАТЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН САНЫНА СӘЙКЕСТІГІН, СОНДАЙ-АҚ ТАУАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫН ТЕКСЕРЕДІ. САТЫП АЛУШЫ ТАУАРДЫ АЛҒАН КЕЗДЕ ТАУАРДЫҢ СЫРТҚЫ ТҮРІНЕ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫНА ШАҒЫМЫ ЖОҚ ЕКЕНІН ӨЗ ҚОЛЫМЕН РАСТАЙ ОТЫРЫП, ЖҮКҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЮҒА МІНДЕТТІ.
10.6. ДЕРЕКТЕР (ТЕЛЕФОН НӨМІРІ, ЖЕТКІЗУ МЕКЕНЖАЙЫ) ДҰРЫС КӨРСЕТІЛМЕГЕН ЖАҒДАЙДА, СОНДАЙ-АҚ САТЫП АЛУШЫ ТАПСЫРЫСТЫ 1 (БІР) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ РАСТАМАСА (ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН МЕНЕДЖЕРІНІҢ ҚОҢЫРАУЫНА ЖАУАП БЕРУ АРҚЫЛЫ), САТУШЫ САТЫП АЛУШЫНЫҢ ТАПСЫРЫСЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНЕ ҚАЛДЫРАДЫ.
10.7. ТАПСЫРЫС РАСТАЛҒАННАН КЕЙІН КӨРСЕТІЛГЕН ДЕРЕКТЕРГЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛМЕЙДІ. ЖЕТКІЗУ МЕКЕНЖАЙЫ МЕН УАҚЫТЫ ӨЗГЕРГЕН КЕЗДЕ ТАПСЫРЫС РАСТАЛҒАННАН КЕЙІН ТАУАРДЫ ЖӨНЕЛТУ КҮНІ "ЖЕТКІЗУ ШАРТТАРЫ" БӨЛІМІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚОСЫМША АҚЫ АЛЫНАДЫ.
11. ТАУАРҒА БЕРІЛЕТІН КЕПІЛДІКТЕР
11.1. ТАУАРҒА КЕПІЛДІК БЕРУ ШАРТТАРЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН. ЕГЕР ТАУАРҒА КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ КӨРСЕТІЛМЕСЕ, ТАУАРҒА КЕПІЛДІК БЕРУ МЕРЗІМІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС АЙҚЫНДАЛАДЫ.
11.2. САТЫП АЛУШЫ ТАУАР ЖҮКҚҰЖАТЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ТАУАРДЫ АЛҒАН КҮННЕН БАСТАП 14 КҮН ІШІНДЕ ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРДА ТИІСТІ САПАДАҒЫ ТАУАРДАН БАС ТАРТА АЛАДЫ:
· ТАУАР ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН БОЛСА, ТАУАРЛЫҚ ТҮРІ, ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ, ПЛОМБАЛАРЫ, ЗАТБЕЛГІЛЕРІ, СОНДАЙ-АҚ ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ ФАКТІСІН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТ САҚТАЛҒАН БОЛСА;
· ТАУАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН ҚАЙТАРУҒА ЖӘНЕ АЙЫРБАСТАУҒА ЖАТПАЙТЫН ТАУАРЛАР ТІЗБЕСІНЕ КІРМЕЙДІ.
11.3. САТЫП АЛУШЫ ТАУАР ЖҮКҚҰЖАТЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ТАУАРДЫ АЛҒАН КҮННЕН БАСТАП 14 КҮН ІШІНДЕ ОСЫ ШАРТТЫҢ 11.2-ТАРМАҒЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ТИІСТІ САПАДАҒЫ ТАУАРДЫ ОСЫ ТАУАРДЫҢ БАСҚА САУДАЛЫҚ ҰСЫНЫСЫНА НЕМЕСЕ ҚҰНЫ БОЙЫНША ТЕҢДЕС БАСҚА ТАУАРҒА НЕМЕСЕ БАҒАДАҒЫ АЙЫРМАНЫ ҚОСЫМША ТӨЛЕЙ ОТЫРЫП НЕМЕСЕ ҚАЙТАРА ОТЫРЫП, ӨЗГЕ ТАУАРҒА АЙЫРБАСТАУҒА ҚҰҚЫЛЫ.
11.4. ЗАҢНАМАДА ЖӘНЕ ОСЫ ШАРТТА КӨЗДЕЛГЕН ЖАҒДАЙЛАРДА ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ "ҚАЙТАРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ САЯСАТЫ" БӨЛІМІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚАҒИДАЛАР БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
11.5. ТАУАРДЫ АЛҒАН ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕГЕН СОҢ САТЫП АЛЫНҒАН ТАУАРДЫҢ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ ТУЫНДАҒАН НАРАЗЫЛЫҚТАР "ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС ҚАРАЛАДЫ.
12. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
12.1. ТАРАПТАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ.
12.2. САТУШЫ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННЕН САТЫП АЛЫНҒАН ТАУАРЛАРДЫ ТИІСІНШЕ ПАЙДАЛАНБАУ САЛДАРЫНАН САТЫП АЛУШЫҒА КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
12.3. ТАРАПТАР ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ӘСЕР ЕТКЕН ЖАҒДАЙЛАРДА, АТАП АЙТҚАНДА: ӨРТТЕР, ДҮЛЕЙ АПАТТАР, СОҒЫС, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ТАРАПЫНАН ҚЫЗМЕТКЕ ТЫЙЫМ САЛУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ ОРЫН АЛҒАНДА, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ОСЫ ШАРТТЫ ОРЫНДАУҒА ТІКЕЛЕЙ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН ТИІСТІ ЗАҢНАМАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ АКТІЛЕРҢ ШЫҒАРЫЛҒАНДА ОСЫ ШАРТ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАМАҒАНЫ НЕМЕСЕ ТИІСІНШЕ ОРЫНДАМАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТЫЛАДЫ.
13. ӨЗГЕ ЖАҒДАЙЛАР
13.1. САТЫП АЛУШЫ МЕН САТУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
13.2. ОСЫ ШАРТ САТЫП АЛУШЫ ОСЫ ШАРТТЫҢ 1.3-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС ОСЫ ОФЕРТАҒА АКЦЕПТ БЕРГЕН КҮННЕН БАСТАП КҮШІНЕ ЕНЕДІ ЖӘНЕ ТАРАПТАР МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ТОЛЫҚ ОРЫНДАҒАНҒА ДЕЙІН КҮШІНДЕ БОЛАДЫ.
13.3. ТАРАПТАРДЫҢ ОСЫ ШАРТ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ОРЫНДАУЫ КЕЗІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН БАРЛЫҚ ДАУЛАР МЕН КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕР КЕЛІССӨЗДЕР ЖОЛЫМЕН ШЕШІЛЕДІ. ОЛАР ШЕШІЛМЕГЕН ЖАҒДАЙДА, ТАРАПТАР САТУШЫНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ӨЗ МҮДДЕЛЕРІН СОТ АРҚЫЛЫ ҚОРҒАУ ҮШІН ӨТІНІШ ЖАСАУҒА ҚҰҚЫЛЫ.
13.4. САТУШЫ ТАУАРЛАР, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕРДІ, ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ САЙТЫНДА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗ-КЕЛГЕН АҚПАРАТТЫ, СОНДАЙ-АҚ ОСЫ ШАРТТЫ АЛДЫН АЛА ХАБАРЛАМАЙ, ӨЗ ҚАЛАУЫ БОЙЫНША КЕЗ-КЕЛГЕН УАҚЫТТА ӨЗГЕРТУ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНЕ ҚАЛДЫРАДЫ.
13.5. СІЗДІҢ ҚҰПИЯ АҚПАРАТЫҢЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА САТУШЫ СІЗДІҢ ЛОГИНІҢІЗ БЕН ҚҰПИЯСӨЗІҢІЗДІ, ТӨЛЕМ КАРТАСЫНЫҢ НӨМІРІН, ӨЗГЕ ДЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА БЕРМЕУДІ, СОНДАЙ-АҚ СІЗДІҢ ҚҰПИЯ АҚПАРАТЫҢЫЗҒА СҰРАУ САЛАТЫН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ХАТТАРҒА ЖАУАП БЕРМЕУДІ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЕСКЕРТЕДІ.
13.6. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ АҚПАРАТ https://animalid.kz САЙТЫНДА ОСЫНДАЙ АҚПАРАТТЫ ОРНАЛАСТЫРУ АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУШЫНЫҢ НАЗАРЫНА ЖЕТКІЗІЛЕДІ.
13.7. ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ САТЫП АЛУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ https://animalid.kz ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНіНІҢ САЙТЫНДА АНЫҚТАЛҒАН ӘРЕКЕТТЕР ЖИЫНТЫҒЫМЕН БЕЛГІЛЕНЕДІ.
САТУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
«Animal ID Kazakhstan» ЖШС
А26F3B4, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МЕДЕУ АУДАНЫ,
ТЯНЬ-ШАНЬ КӨШ., 17Б-ҮЙ
БСН 030440020350
ЖСК KZ708560000005138084
«БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ» АҚ-ДА
БСК KCJBKZKX